Негiзгi   •  ХАБАР  •  БАҚ-қа ШОЛУ  •  БАҚ және ҚҰҚЫҚ  •  ТАРИХ және БАҚ  •  Форум   •  Мейманхана

Тараулар

Негiзгi
ХАБАР
БАҚ-қа ШОЛУ
БАҚ және ҚҰҚЫҚ
ТАРИХ және БАҚ
ТҰЛҒА
ЖАС ҚАЛАМ
БIЛIМ
БАҚ және Дін
Абай әлемі
Форум
Мейманхана
e-mail

Сайт жаңалықтары

Қазақты сүю (Негiзгi \ БАҚ-қа ШОЛУ \ КӨЗҚАРАС \ )

Қылыштай қиғыр алмас ем,

Шарға шауып мұқалдым.

Суаруы қанық көк сүңгі ем,

Сұғуын таппай тот алдым.

Махамбет

Адам баласының өз ұлтына деген асыл сәулелі сүйіспеншілігі, Құдайға деген махаббатынан бастау алуға тиіс. Ал, біздің жүрегімізде Құдайға деген махаббаттың шырағы сөніп қалған. Құйындай зымыраған аласапыран заманның қайда бет алып бара жатқандығын білмей абдырап, бағытынан адасқан, жалған болмысымызды мойындағымыз келмейтін біздің бейшара жанымызда қазақты сүюге орын қалмады...

.:: нақтырақ ::.
27/06/2006
АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР (Негiзгi \ БАҚ және Дін \ )

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W. H. Freeman and Co., New York, 1993)...

.:: нақтырақ ::.
21/06/2006
Ұлттығымызға нұқсан келтіретін диссертацияларға қарсы боламыз (Негiзгi \ БАҚ-қа ШОЛУ \ КӨЗҚАРАС \ )

Таяуда «Ана тілі» газетінде (18 мамыр, 2006 ж.) академик Ғарифолла Есім бастаған бір топ профессорлар мен доценттер қол қойған «Ғылым дәлелдеуді қажет етеді» деген тақырыппен жарияланған хатты оқып, ыңғайсыз жағдайға душар болдым...

.:: нақтырақ ::.
14/06/2006
«Інгенді қобыз» (Негiзгi \ БАҚ-қа ШОЛУ \ КӨЗҚАРАС \ )

Аяңдап басып аялдамаға тақап қалдым. Зыр етіп көлік те жетті, жүгіріп міндім. Шатыспадым, барар жер айқын. № 3-ші жолаушы тасымалдаушы шағын автобусы. Алыстан байқағам. Әдетінше, орын жоқ. Мен екі бүктетіліп ортада тұрмын. Жүрісі кешегі інім үйреткен тайдай, тым шәлкез. Шопыр жігіт оң жақ қолмен ұстар рөлдің тұсына екі елідей ғана болатын қытайдың электронды сағатын орнықтырған. Уақыт секундтан да тез, мили жылдамдықпен зымырайды. Жүргізушінің жиі-жиі көз қиығын тастап отырғанын байқадым. Уақыт қадірін осы қым-қуыт заманда осылар алдымен түйсінгендей ме? — деп ойладым...

.:: нақтырақ ::.
20/05/2006
АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ... (Негiзгi \ ЖАС ҚАЛАМ \ )

Заман өзгеруіне қарай жастар да өзгеріп жатыр ма деп ойлаймын. Себебі, қазіргі жастар жақсы жолға емес, керісінше жаман әдеттерді бойына тез сіңіруде. Кеш батысымен бар, клуб, кафе немесе неше түрлі компьютер, ойын залдарында уақыттарын өткізеді...

.:: нақтырақ ::.
10/05/2006
Егер мен редактор болсам… (Негiзгi \ ЖАС ҚАЛАМ \ )

Егер мен редактор болсам, жастар газетін ашар едім. Бүгінгі таңда студент жастарға, олардын шешімін таба алмай жүрген көптеген проблемаларын шешуге көмектесетін, рухани көмек беретін газет керек-ақ. Ол газеттін атын «Жас Қыран» деп атар едім. Газетті: «Мен жастарға сенемін» «Келер ұрпақ сен неткен бақытты едің…», «Махаббат қызық мол жылдар,» «Студент күнделігі» деген секілді айдарлармен толықтырар едім...

.:: нақтырақ ::.
05/05/2006
Бағдарламаның бағы жанды (Негiзгi \ ХАБАР \ )

Облысымыздағы мемлекеттік «Қазақстан-Қарағанды» арнасының ұжымы таяуда үлкен қуанышқа бөленді. Электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бағдарламалардың конкурсына қатысқан бір топ қарағандылық тележурналист жүлдегер атанғаны жайлы ақжолтай ақпарат жетті. Республикалық деңгейдегі бұл байқауды Қазақстан халықтарының ассамблеясы өткізген болатын. Байқаудың басты шарты елдегі халықтардың азаматтық келісімі мен ұлтаралық татулығын насихаттау еді...

.:: нақтырақ ::.
05/05/2006
АШЫҚ ХАТ (Негiзгi \ БАҚ және Дін \ )

ҚР Білім және ғылым министрі Бірғаным ӘЙТІМОВА ханымға,

Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы Болатбек ӘБДІРӘСІЛОВ мырзаға,...

.:: нақтырақ ::.
03/05/2006
Ұлт тамырына балта шапқан миссионерлер (Негiзгi \ БАҚ және Дін \ )

Ең алдымен басқа дінге тарту жайлы әңгіме болғанда миссионерлік жөнінде айту керек. Бүгінде Қазақстан діни экcперимент алаңына айналып отыр. Басқаша айтқанда Қазақстан діни экспанcия алаңына айналған. Сол экспериментті қарқынды, жүйелі және ұйымдасқан түрде жүргізіп отырған — христиан миссионерлері. Олардың басым көпшілігі АҚШ-тан арнайы жолдамамен жіберілген — шоқындырушы-үгітшілер армиясы...

.:: нақтырақ ::.
03/05/2006
Облыс әкімі «Орталық Қазақстанда» болды (Негiзгi \ БАҚ-қа ШОЛУ \ МЕЗГIЛ МIНБЕРI \ )

Сарыарқа өңірі халқының айнасы, қазақ рухының жоқшысы «Орталық Қазақстан» газеті сәуір айының 15 жұлдызында өз оқырмандарымен жиырма мыңыншы рет қауышты, яғни басылымның № 20.000 саны жарық көрді. Осыған орай таяуда облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясында болып, журналистермен жүздесті. Егер бұған дейін Қарағанды облысын ұзақ мерзім басқарған әкімдерден П.П.Нефедов журналистер жүрген ортаға жоламағанын, өңірді жеті жылдан артық уақыт бойы басқарған К.Е.Мұхамеджанов редакция үйі қайда екенін білмей кеткенін еске алсақ...

.:: нақтырақ ::.
02/05/2006
Тараудың соңғы аптадағы бар жаңалықтары
Тараудың соңғы айдағы бар жаңалықтары
Тараудың соңғы жылдағы бар жаңалықтары
Тараудың бар жаңалықтары



Победитель
Казахстанской
интернет-премии
AWARD 2004

SpyLOG

  © 2002-2003 Бұқаралық ақпарат құралдарына құқықтық көмек көрсету орталығы, Қарағанды қ